{metadescription}
Түркі елдеріне ортақ телеарна құру бастамасы қызу талқыланып жатыр
Түркі елдеріне ортақ телеарна құру бастамасы қызу талқыланып жатыр

Түркі елдеріне ортақ телеарна құру бастамасы қызу талқыланып жатыр

Түбі бір түркі елдеріне ортақ телеарна қажет! Алматыда өткен Түркі кеңесінің үшінші отырысында Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит осындай ұсынысты ортаға салды. Министр телеарна бауырлас елдердің ынтымақтастығын нығайтатын алтын көпір болатынына сенімді.

Осы жиынға Түркиямен қатар Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлері қатысты. Венгрия мемлекеттік хатшысының орынбасары Карол Балаш та бақылаушы ретінде арнайы келіпті. Түркі кеңесіне мүше елдер киберқауіпсіздік, электрондық үкімет, қызметтер және басқа да маңызды ортақ мәселелер мен жобаларды талқылады. Ақпарат министрі Дәурен Абаев әріптестерін келешегі зор технологиялық альянстың мүшесі болуға шақырды. Яғни ол Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің технопарктері өзара бірігуі керек дейді.

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникация министрі:

-Әзірбайжандық әріптестеріміздің бастамасы бойынша «Трансеуразиялық суперақпараттық магистраль» құру жөніндегі жобаға тоқтала кеткім келеді. Оның мақсаты - Франкфурт пен Гонконг арасындағы еуразиялық елдердің аумағын қамтитын талшықты-оптикалық трансұлттық желі орнату. Транзиттік желі 6 мемлекеттің аумағымен өтеді деген жоспар бар. Бұл - болашағы зор жоба.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде