{metadescription}
Тұрғындар ПИК-ке төлеген ақшаның жұмсалуын енді электронды түрде бақылай алады
Тұрғындар ПИК-ке төлеген ақшаның жұмсалуын енді электронды түрде бақылай алады

Тұрғындар ПИК-ке төлеген ақшаның жұмсалуын енді электронды түрде бақылай алады

Тұрғындар енді пәтер иелері кооперативіне төлеген ақшасының қайда, қалай жұмсалып жатқанын электронды түрде бақылап отыра алады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты заңға осындай өзгеріс енгізбекші.

Оның үстіне, кооперативтің аты да өзгереді. Заң қабылданған жағдайда, бұрынғыдай ПИК емес, меншікті мүлік иелері бірлестігі деп атала бастайды. Яғни, ПИК-тің бәрі атауын өзгертіп қайта тіркелу керек. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұрын пәтер иелері кооперативінің міндетіне не кіретіні тәптіштеп жазылмайтын. Енді жаңа заң бойынша үйдің жалпы қызметімен бірге, әрбір баспалдақ немесе әрбір бөлмедегі тұрғындардың міндетіне жатпайтын қызмет мүлік иелері бірлестігінің мойнына жазылады. Яғни, ұйымның не нәрсеге жауапты екені анық көрсетіледі. Ал ол бірлестіктің төрағасын электронды түрде дауыс беріп сайлайды және төлеген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын да электронды түрде бақылай алады. Бірақ, заң әлі жоба күйінде.

Марғұлан Әбдікәрімов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департамент директорының орынбасары:

- Бұл жүйе көпқабатты үйлерді басқару ұйымдарының қызметін барынша ашық, жариялы етеді. Ал тұрғындар ол ұйымның есеп-қисабын электронды түрде бақылап отырады. Арыз-шағымын да электронды түрде жеткізіп, оның орындалуын да қадағалай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде