{metadescription}
0:000:00
Алматыда құрылыстың кесірінен қамалып қалған жұрт қалаға шығатын жол таппай жүр

Алматыда құрылыстың кесірінен қамалып қалған жұрт қалаға шығатын жол таппай жүр

Құрылыстың кесірі тиді. Алматыда әйгілі Барахолкаға жапсарласқан жер үйлердің тұрғындары шығарға жол таппай қалғанын айтады. Ашулы топтың сөзінше, базарда құрылыс жұмыстары басталған соң 60 жыл бойы Солтүстік айналма жолымен байланыстырып тұрған жалғыз өткел жабылып қалған. Соның кесірінен иектің астындағы аялдамаға жету үшін 3 шақырым жерді айналып өтеміз дейді тұрғындар. 

Тарс бекітілген қақпадан бір қадам әрі аттау мұңға айналды деген тұрғындар сергелдеңге түскенін айтады. Себебі, Солтүстік айналма жолына базар арқылы өтетін жалғыз жолдың жабылғанына бір аптадан асыпты.

Нұрбану Құсайынова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бір аптаның алдында бастығына кірдік. Кіргенде бізге сөз берді, пока анау-мынау болғанша бір айға дейін жаппаймыз деп. Сол күні келіп жауып қойды мына забормен. Сол өте алмай жатырмыз қазір біз.

Мехрибан Сәбитова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Кішкене болса да, калитка болса да ашып берсе. Бізге маңыздылығы балаларымыз мектепке қатынайды, поликлиникаға жүреміз. Бұл бізді Северный кольцомен байланыстырып тұрған жол ғой.

Шарасы таусылған тұрғындар арғы бетке өту үшін мына контейнерлердің үстімен жүреді. Бірақ, басын қатерге тіккендер арасында  құлап, майып болғандар бар екен. Ал, бұған көтерілуге шамасы жетпеген үлкен кісілер мен балалар 3 шақырым жерді айналып өтуге мəжбүр.

Айнұр Мамадиярова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Екі көзі көрмейтін ұлым бар. Спецшколаға барып жүр. 135-ке мінуіміз керек. Сол үшін мен айналып өтіп жатырмын. Кешке келген кезде тағы Сәлеммен айналып өтемін. Мына жерде бізге оңай еді, өте саламыз.

Ашуға мінген тұрғындар 60 жыл бойы ашық тұрған жолдың аяқ асты жабылғанын түсінбейміз дейді. Ал, базар әкімшілігі жекенің меншігіндегі бұл жерде құрылыс жұмыстары басталғандықтан қауіпсіздікті басты назарға ұстадық деп, жиналғандарға ақыл айтуға көшті. 

Айтқандай адамдар емін-еркін өтетін ашық тұрған ешқандай өткел көрмедік. Тіпті, шуды ести сала жеткен жергілікті әкімдік өкілдері де ештеңе көрсете алмады. Бірақ, тұрғындардың базынасын жауапсыз қалдырмаймыз дейді шенеуніктер.

Дамир Әкежанов, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары:

- Құрылыс заңды жүріп жатыр. «Алатау» базары болған. Қазір модернизация рынков дейді, солардың бәрін торговый домға айналдырып жатыр. Сол төртінші блоктың құрылыс бастады. Біз қазір құжаттарын көтеріп қарастырамыз. Егер шынымен жол болған жағдайда қайтадан аштырып береміз. 

Алайда, тұрғындардың талабы нақты қашан орындалатыны әзірге белгісіз. Ал, аудандық атқамінерлерден күдерін үзген халық қала басшысына арызданбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде