{metadescription}
Семейді құю түтін мен қара күйе басты
Семейді құю түтін мен қара күйе басты

Семейді құю түтін мен қара күйе басты

Қара күйенің қорлығы! Семейде жұрт қуаты арттырылған жылу қазандығының жұмысына наразылық білдірді. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті шенеуніктер нысанды ұлғайтқанда төңірегіндегі баспаналарға тым жақындатып жіберген. Оның үстіне шаһардағы қазандықтардың барлығына көмір осы жерден тасымалданады. Соның кесірінен тұрғындар күл мен қара күйеге көміліп жатыр. Алайда, олар талай табалдырық тоздырғанымен мәселенің шешілетін түрі байқалмайды.

Шаһардың сол жағалауын жылумен толық қамтитын жылу қазандығы осыдан екі жыл бұрын іске қосылған еді. Әйтсе де, оның жұмысына жұрт наразы. Өйткені, ол баспаналардан ара қашықтығы мың метр болуы керек екен.

Жұрттың сөзінше, бұл санитарлық талапты жергілікті атқамінерлер тасада қалтырған. Қазіргі уақытта, жылу қазандығы мен баспаналардың арасы 200 метрге де толмайды. Соның кесерінен жұрт күл мен күйеге көміліп қалдық, - дейді.

Зәуре Еңсебаева, Семей қаласының тұрғыны:

-Кілемді жуғызып әкелгенмін. Екі сағатқа далаға шығардық. Кіргізейін десем қап-қара күйе. Ваниште алмайды. Күйе жауып жатыр. Далаға киім іле алмаймыз. Балалар ол ойнай алмайды. Мынау сұмдық.

Екі жылдан бері күйеден көз ашпаған тұрғындар, талай табалдырық тоздырғандарын айтуда. Ал, оларға көмек қолын созбақ түгілі, коммуналдық қызметтегілердің өздері шарасыз күйде отырғандай. Себебі, жергілікті жылу қазандықтарының барлығына көмір, осы жерден тасымалданады. Сондықтан, отынды тиегеннен ұшқан қара тозаңды бақылай алмаймыз дейді.

Николай Демин, «Теплокоммунэнерго» МКК директорының өндіріс бойынша орынбасары:

-Күйені ұшырмауға шамамыз келмейді. Қаншама техника бар. Сонымен қатар, күнде вагон келеді. Бір жылда 300-400 мың тонна көмір тиейміз.

Сондай-ақ, заң талабына сәйкес жылу қазандығы 1 шақырым жерді ластауға құқылы екенін де жеткізді. Ал, төңірегіндегі үйлер мен қазандық кеңестік кезеңде тұрғызылғандықтан, біздің кінәміз жоқ дегенді алға тартады. Бірде-бір нысан жаңадан салынбады, тек, жылу қазандығын кеңейттік дегендер, жұртқа сабыр еткеннен өзге амал жоқ дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде