Сенат төрағасы Қазақстан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Ел атауын ауыстыру негізсіз! Сенат спикері Қазақстанды «Қазақ республикасы» деп өзгерту дұрыс еместігін мәлімдеді. Айта кету керек, өткен аптада мәжілісмен Азат Перуашев еліміздің атауын өзгертуді ұсынған еді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдамайтынын жеткізді.
Автор: Жәудір Оразхан
31.01.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:
-Президентіміз Қазақстан Республикасының атынан көптеген халықаралы келісімдерге қол қойды. Сол үшін Қазақстан атауын өзгертудің еш қажеті жоқ. Біздің басқа да айналысатын шаруамыз көп.
Депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасын «Қазақ Республикасы» деп өзгерту жөнінде ұсынысын Үкіметке жолдаған еді. Ол өзінің ұсынысын келесі жылы Қазақ Автономиялық Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынымен байланыстрды. Сөйтіп, ел атауын «Қазақ Республикасына» ауыстыру дұрыс деп есептейтінін білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!