КТК тілшісі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы атанды
Әріптесіміз – байқау жеңімпазы! КТК телеарнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі Мақсат Мәлік «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауында проза жанры бойынша үздік деп танылды.
Автор: Ербол Тұрымбет
01.02.2019
Мақсаттың «Құдық басындағы екеу» шығармасы қазылардың жоғары бағасына ие болған. Жалпы, байқауда бес түрлі жанр қамтылған. Поэзия, драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценариі, балаларға арналған шығармалар және публицистика бар. Оған 18 бен 40 жас аралығындағы жас қаламгерлер қатысты. Қазылар алқасы барлығы 400-ден астам еңбектің ішінен ең көркем жазылғанын іріктеп алды.
Мақсат Мәлік, «Ұлы дала» байқауының жеңімпазы:
- Қазіргі жастардың шығармашылығы өте керемет. Қай бағытта дамып жатқаны, ол енді үлкен әңгіме. Ең бастысы, бұл жерде әдебиетті қолдау, оның ішінде жастар шығармашылығын қолдау деген үлкен бір бастама жатыр. Сондықтан мұндай байқаулар, конкурстар әрқашан да өзінің нәтижесін береді деп ойлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!