Қарағандыда жол апаты кезінде темірге қысылған әйелді құтқарушылар әрең алып шықты
Қарағандыда жолаушылар автобусы көліктің майын ауыстыратын боксқа соғылды. Салдарынан салонындағы кондуктор əйел жапырылған шанақ темірлеріне қысылып қалған.
Автор: Саят Сабдалы
01.02.2019
Сондықтан 36 жастағы əйелді майысқан темірледің арасынан құтқарушылар шығарып алды. Дегенмен ол қатты дене жарақатын алмапты. Дəрігерлер қарап шыққасын үйіне жіберілген. Қоғамдық көліктің жүргізушісі де аман. Оқиға автопарктің ішінде болған. Болжам бойынша автобустың тежегіші істен шығуы мүмкін. Ақаудың рейске шықпай тұрып білінгені де дұрыс болды дейді мамандар. Істің ақ қарасын енді полиция анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!