Ресейде отандасымыз тікелей эфирде өз-өзіне қол салды
Табыс табу үшін шетел асқан отандасымыз тікелей эфирде өз-өзіне қол салды. Ресейге барғанына небәрі үш күн болған шымкенттік 18 жастағы азамат әлеуметтік желідегі тікелей трансляцияда асылып өлген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
01.02.2019
Оқиға 30 қаңтарда Жаңа Уренгой қаласында болған. Бұл туралы шетелдік басылымдар жарыса жазуда. Марқұмның сүйктісі Светлана Саенконың мәліметінше, Ирфан Ахмеджанов екеуі шыңырақ көтеруді жоспарлап жүрген. Бірақ ойламаған жерден ғашығы өмірімен қош айтысқан. Оның бұл қадамға не үшін барғаны әзірге жұмбақ. Оны тергеу комитеті анықтауда. Марқұм жігіттің мүгедек әкесі және үш қарындасы бар. Бұл жағдайдан кейін олар төбесінен жай түскендей күйде отыр. Ирфанның әкесінің айтуынша, ол Ресейге кеткен баласымен өлерінен бірер күн бұрын ғана байланысқан. Ұлы жұмысқа орналасу үшін тәжірибеден өтіп жүргенін айтқан екен. Одан кейін қаралы хабарды бір-ақ естіген. Ирфанның денесін елге жеткізу қиындық туғызып жатыр. Сондықтан қара жамылған отбасы ел-жұртан қаржылай көмек сұрап отыр. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл сұмдық оқиғаның жай – жапсарын анықтауда.
Қасым Ахмеджанов, И. Ахмеджановтың әкесі:
- Не болғанын өзіміз түсінбей жатырмыз. Сол жаққа барған кезде бәрі белгілі болатын шығар. Қазір мәйітті жеткізуге ақша болмай, қиналып жатырмыз. Бас-аяғы 2 млн. теңгеге жуық қаражат керек. Баламның достары әлеуметтік желі арқылы ақша жинап, көмек беруде. Бірақ ол жете ме, жетпей ме, білмедім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!