{metadescription}
Еліміздің бірнеше өңірінде аязға байланысты жолдар жабылды
Еліміздің бірнеше өңірінде аязға байланысты жолдар жабылды

Еліміздің бірнеше өңірінде аязға байланысты жолдар жабылды

Еліміздің бірнеше өңірін аяз қысты. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Керекуде сынап бағанасының 30, кейбір аудандарында 35 градусқа төмендеуіне байланысты мектептерде тоқтатылды.

Асқарбек Омаров, Павлодар облысы ТЖД басқарма басшысы:

- 1-ші ақпан күні 1-9-шы сынып оқышылары бірінші ауысым сабақ тоқтатылған болатын. Және 1-4-ші сынып екінші ауысым тоқтатылды. Осы күндері жолда зардап шеккендерден хабарлама келмеген және төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

Павлодар облысында катты аяздан жеті адамды үсік шалып, ауруханаға түскен. Ал Шығыс Қазақстанда боранның соңы сақырлаған сарышұнақ аязға ұласты. Тіпті, Бесқарағай ауданында ауа температурасы рекордты деңгейге жеткен. Мұнда, күндіздің өзінде сынап бағамы минус 33 градусты көрсетіп тұр. Семей, Аягөз, Шемонайха аудандары да аяздың құрсауында қалды. Сондықтан, мектептердегі 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылып, кейбір тас жолдар жабылды. Атап айтқанда, Майқапшағай - Омбы, Қалбатау - Көкпекті бағыты бойынша күрежол қарлы боранға байланысты жабық жатыр. Көкшетауда да бүгін 1-9 сынып оқушылары мектепке бармай үйлерінде қалды. Ауаның температурасы минус 30-ға дейін суытты. Жыл басынан бері олар бір апта сабақ босатқан екен. Білім саласындағылар ауа-райына қатысты болмаған сабақтарды балалар көктемгі каникул кезінде оқымайтынын айтады.Ұстаздары оқушыларға қосымша тапсырма беріп, өтпей қалған сағаттардың орнын толтырамыз деп отыр. Ал синоптиктер демалыстан соң аяз сынады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде