{metadescription}
Елімізде шілде айында Жапонияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
Елімізде шілде айында Жапонияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Елімізде шілде айында Жапонияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Елімізде шілде айында Жапонияға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Ал, Америкаға ұшақ аттандыру әлдеқайда қиынырық. Бүгін Азаматтық авиация комитеті осы екі елге тікелей бағыт ашу ісінің қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Елімізден АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейсін ашу үшін біраздан бері келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ, іс созбалаңға салынған соң, Елбасы шаруаны шапшаңдатуды тапсырған болатын. Өйткені, Астанада халықаралық қаржы орталығы ашылғалы шетелден келіп-кететін инвесторлар саны артқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Елімізге инвесторлар кедергісіз, жылдам ұшып келуі үшін әуе компаниялары жағдай жасауы керек. Қазір ұшақтарымыз Еуропа елдеріне ұшады. Бірақ, АҚШ пен Жапонияға рейс жоқ. Оны ашу үшін авиаторларға қолдау көрсетуіміз керек. Бұл бағытта ұшу оларға тиімсіз болар. Бірақ, бәрібір тікелей рейс қажет. 

Ал, Азаматтық авиация комитеті Жапонияға тікелей бағыт ашу үшін тиісті рұқсат бар дейді. Енді әуе компанияларымыз аудиттен өтіп жатыр. Ол шамамен жарты жылға созылмақ. Кейін Алматы, Астана және Қарағандыдан күн шығыс еліне аптасына 14 рейс ашылады. Ал, Америкаға ұшақ аттандыру әлдеқайда қиынырақ. Өйткені, 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден кейін, өзге елдің әуе кемесі бұл елге оңайлықпен кірмейді. Рұқсат алу үшін аудит кемі үш жылға созылады. Оның үстіне Қазақстанда 9 мың 200 шақырымды тоқтамай бағындыратын ұшақ жоқ. 

Тимур Тілегенов, Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы:

- Нью-Йоркке тікелей рейсті ашу үшін кең физюляжды ұшақ болуы тиіс әуе компанияда. Қазір өкінішке орай, «Эйр Астана» мен «Скат» компанияларында мұндай кең физюляжды әуе кемесі жоқ. Бірақ, «Эйр Астана» осындай бойнг «787 dreamliner» ұшағын 2023-жылы сатып алуды жоспарлап отыр.

Ал, оған дейін Азаматтық авиация комитеті Вашингтонмен әуе қатынастары туралы келісімге келмек. Маңызды құжатқа наурыз айында қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ, мамырдан бастап, ішкі бағытта ұшу да арзандай түседі. Өйткені, «Fly Arystan» бюджеттік әуе компаниясы қызметін бастайды. Билеттің орташа құны 16 мың теңге болмақ.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде