Елімізде 179 мың адам онкодиспансерде есепте тұр
Олардың 13 пайызға жуығы сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдер, екінші орында өкпе обыры тұрса, асқазан рагы алғашқы үштікке енді. Бұл туралы бүгін Алматыда дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне байланысты өткен жиында айтылды.
Автор: Әсем Қабылбек
04.02.2019
Осыған байланысты елімізде 10 күндік шара басталды. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі кез-келген тұрғын онкодиспансерлер мен онкоорталықтарға барып скринингтен өтіп, дәрігердің кеңесін тегін ала алады. Жалпы биыл мемлекет онкологиялық скринингке қазынадан 4,3 млрд теңге бөліп отыр. Онкологтардың пікірінше, қазір тік ішек пен тоқ ішектің обыр дертінің белгілерін бірден байқалмайды. Науқастардың көбі дерті дендеп, аурудың 3-4-ші сатысында келеді екен. Бір ғана Алматының өзінде скринингтен кейін тіркеуге алынғандар саны 25 пайызға көбейген.
Мұратжан Сақтағанов, онколог-маммолог:
- Сүт безі қатерлі ісігінің, жатыр мойны ісігінің және тоқ-ішек пен тік ішектің қатерлерінің алдын-алу. Осы үш бағдарламаны айттым. Тек қана сүт қатерлі безін дұрыстап нәтижеге жетіп жатырмыз. Сүт безі қатерлі ісігі 25 пайызы скрининг арқылы анықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!