-45 градустық аяз келе жатыр
Елімізде алдағы үш тәулікте қатты аяз күтілуде. Атап айтқанда, оңтүстікте сынап бағанасы -30, ал солтүстікте -45 дейін суық болады деп ескертеді Қазгидромет.
Автор: Аруна Ортай
04.02.2019
Орал жақтан ығысқан суық ызғар оңтүстікте ауа-райын астан-кестен етпек. Толассыз қар жауып, соңы аязға айналады. Артынша боран соғып, көктайғақ басады. Ауа-температурасы -30 градусқа дейін түсуі мүмкін. Ал Кар теңізінен келе жатқан антициклон солтүстік, орталық пен шығысқа нағыз аяз әкеле жатыр екен. Алдағы 2-3 тәулікте сынап бағанасы -45 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Қатты аяз болады деп қобалжыған Астана қаласындағы кейбір әкімдіктер жұмыс күнін қысқартып, тіпті кабинетке жылытқыш пеш қойып, қызметкерлеріне ыстық сусын алып беруді сұраған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!