{metadescription}
Атырау облысында 200-ге жуық адам қызылша дертін жұқтырған
Атырау облысында 200-ге жуық адам қызылша дертін жұқтырған

Атырау облысында 200-ге жуық адам қызылша дертін жұқтырған

Қазіргі таңда ауруханада 30 бала жатыр. Өзгелері ем-домды үйлерінде қабылдауда.

Мамандардың айтуынша, облыс бойынша 6 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам бала, отыз жасқа дейінгі 8000 адам аталған дертке қарсы екпе алудан бас тартқан. Соның салдарынан қазір, қызылшамен ауру бойынша Атырау Астана мен Алматы қалаларынан кейін үшінші орында тұр. Дәрігерлердің айтуынша, қызылшамен ауырған балалардың 90% -ы егу жасына жетпеген көрінеді. Сондай-ақ, талдау жұмыстарын жүргізген олар тұрғындардың көпшілігінің екпеден діни көзқарастарына байланысты вакцина алмағандарын анықтаған.

Гүлнәфис Таңбаева, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Қызылшаның алдын-алу бойынша біздің қызметкерлеріміз мектептер мен балабақшаларда жиналыс өткізу жұмыстарын барынша жүргізуде. Қазіргі кезде ауру әрі қарай таралмас үшін қызылша шыққан ошақтарда, үйде емделіп жатқан науқастармен эпидемиологтер, инфекционист және учаскелік дәрігерлер жұмыс жасауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде