Қарағандыда полицей мінген көлік апатқа ұшырады
Қарағандыда жол патрульдік полициясы көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты. Ал бір тәртіп сақшысы түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.
Автор: Саят Сабдалы
04.02.2019
Алдын ала болжам бойынша мына «ауди» көлігі жодың қарсы бағытына шығып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен жүйітки келе алдымен «Мерседеске» соғылып, содан соң қапталымен полицияның УАЗ көлігін ұрыпты. Мерседес пен полиция көлігінің алдыңғы жағы зақымдалса, аудидің сау тамтығы қалмаған. Ішінде жалғыз отырған 37 жастағы жүргізушісі сол жерде жан тәсілім еткен. УАЗ ды тізгіндеген полиция қызметкері де түрлі жарақаттар алыпты.
Анатолий Головченко куәгер:
- Ол алдымен менің көлігіме соғылып барып, УАЗ ға жанымен кірді. Қапталы күл талқан болғанын көрдіңіздер ғой. Жүгіріп шықсам, рөлде ес түссіз отыр екен. Тіршілік белгісі білінбеді. Бірден 102-ге қоңырау шалдым. Екі көліктің жүргізушілерін жәдел жәрдем алып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!