Гаухар Әлімбекова абақтыдан шықты
Алматыда алаяқтық үшін алты жылға сотталған әнші-сазгер үкім күшіне енгенше қолхатпен босатылды. Ал оның туыстары аппелляцияға жүгініп, Гаухардың кінәсіз екенін дәлелдейміз деп отыр.
04.02.2019
Әнші 30 қаңтарда сотталған еді. Қазақ эстрадасының өкілі құрбысы Бақыт Назароваға тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп, одан 40 мың доллар алған екен. Алайда алты жыл бойы не үй не ақшаны көрмедім деген жәбірленуші Әлімбекованы сотқа беріп, ақыры осылай аяқталды. Сондай-ақ, әнші жәбірленушіден алған қомақты соманы қайтаруы тиіс. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген бұл жәйтті Гаухардың әріптестері де жаппай жазып, көмек ретінде ақша жинауды да бастап кетті. Тіпті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Бас прокурорға хат жазып, әншіге араша сұраған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!