Жамбылда ас атасының құны шарықтап шыға келді
Бүгіннен бастап Таразда нан бағасы бес теңгеге өссе, Мойынқұм ауданында 10 теңгеге бір-ақ көтерілген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
04.02.2019
Осы қымбатшылыққа қатысты шенеуніктер шұғыл жиын өткізіп, түсініктеме берді. Атқамінерлердің сөзіне сенсек, наубайханалар бидай мен ұнның қымбаттауын желеу етіп, былтыр аймақ әкімінен бөлке нан бағасын көтеруді сұраған. Осыдан кейін облыстық тұрақтандыру қорынан наубайхана қожайындарына 500 тоннадан аса ұн арзандатылған бағамен сатылған. Алайда, қаңтар айының соңында қордағы ұн таусылып, қиындық туыпты. Осыдан соң шенділер кәсіпкерлерге ас атасының құнын 5 теңгеге өсіруге мұрсат берді. Енді Таразда әлеуметтік нан 70 теңгеден саудаланбақ. Ал жауаптылар Мойынқұмда бірден 10 теңгеге шарықтауын ауданның шалғайда орналасуымен әрі онда наубайхананың аздығымен түсіндіреді.
Берік Нығмашев; Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Наубайханашылардың бағаны көтеруге толық дәлелдері бар деуге болады. Тарифтер төмендеді, бірақ ұнның бағасының жоғарылауы, яғни бұрын 65 болса қазір 90 теңге. Ол қалай болғанда өз әсерін тигізеді. Сондықтан осындай шешім қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!