{metadescription}
Тараздың бизнесмен жастары кинода көргендерін шынайы өмірде жүзеге асырды
Тараздың бизнесмен жастары кинода көргендерін шынайы өмірде жүзеге асырды

Тараздың бизнесмен жастары кинода көргендерін шынайы өмірде жүзеге асырды

Жалға алған «Playstation» ойын құралын қайтармағандықтан үш жігіт, 28 жастағы азаматты көліктің жүксалғышына салып, оны қаладан шығарып жазаламақ болған. Бірақ олардың берешекті өндіру жолындағы жоспарлары жүзеге аспай, ұсталып тынды.

Полицейлердің мәліметінше, 28 жастағы жергілікті тұрғын кепілге досының төлқұжатын қалдырып, «Playstation»-ді жалға алған. Алайда ол ойын құралын қайтаруды ұмытып, кәсіпкер жігіттердің ашуына тиген. Күте-күте күдер үзгендер, ақыры оны іздеп тауып, сазайын береді. Қызды-қыздымен берешегі бар азаматты жеңіл көліктің жүксалғышына тиеп, адам қарасы жоқ жерге апармақ болған. Алайда жүксалғыштағы саңлаудан жолдың бағытын көріп отқан жәбірленуші телефон арқылы тәртіп сақшыларына хабар берген. Дереу жеткен полицейлер көлікті тоқтатып, 23 жастағы екі азаматты ұстады. Ал 29-дағы үшіншісі кейіннен қолға түсті. Белгілі болғаны, жәбірленуші бұлардан алған ойын құралын сатып жіберген екен.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Іс бойынша ҚК 389-бабы 3-бөлігімен (күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған іс әрекет, сондай-ақ, (адамдар тобының адам ұрлауға оқталуы бабы бойынша) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде