{metadescription}
Ерлан Нұрғалиев «Барыс» орденімен марапатталды
Ерлан Нұрғалиев «Барыс» орденімен марапатталды

Ерлан Нұрғалиев «Барыс» орденімен марапатталды

Ерлік еленген күн. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор мемлекеттік «Барыс» орденімен марапатталды.

Бұл - Ерлан Нұрғалиевтің ерлігі мен өз қызметіне деген адалдығы, жанкештілігіне көрсетілген құрмет. Сондай-ақ, Елбасы марқұмның жанында болған әріптесі, көзі тірі Петр Ницыкке  де «Барыс» орденін  берді. Яғни, екеуінің ерлігі бірдей бағаланып отыр. Қаңтардың ортасында Қарағанды облысында «Охотзоопром» кәсіпорынының инспекторларын  киік аулаға шыққан қарулы браконьерлер ен далада соққыға жығып кеткен еді. Кейін басынан қатты жарақат алған Ерлан Нұрғалиев есін жимаған күйі ауруханада көз жұмды. 53 жастағы инспектордың өліміне қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласында үш адам қолған түскен. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде