{metadescription}
Ақтаулықтар тарифке қатысты дауды жеңіп шықты
Ақтаулықтар тарифке қатысты дауды жеңіп шықты

Ақтаулықтар тарифке қатысты дауды жеңіп шықты

Ақтау жұрты жарыққа қатысты енгізілген дифференциялық тарифтен біржолата құтылды. Шенеуніктердің мәліметінше, бұдан былай әр тұрғын қуат көзіне сараланған жүйемен емес, бірыңғай бағамен төлеуге хақылы. Тіпті килловат құны да бұрынғыдан 33 тиынға арзан болмақ.

Жергілікті биліктің мұндай қадамға баруына елдің қол жинап Елбасыға хат жазуы себеп болған. Дифференциялық жүйенің енгізілуіне бүкіл Ақтау халқы қарсылық білдіріп, өре-түрегелген. Ашулы бұқара Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында, аймақтағы тарифке қатысты тексеру жүргізуді сұраған. Осыдан кейін атқарушы билік амалсыз бұқарамен санасуға мәжбүр болып, шешімдерін өзгертіпті. Сөйтіп әр килловатқа 17 теңге 29 тиын бекітілген. Бірақ сонда да бұл елдегі ең қымбат баға болып тұр. Ал шенділер, қуат көзі құнын арзандатуға қатысты бәрін жасадық дейді. Енді одан да төмен баға сұрасақ, энергетикетр шығынға ұшырайды деген пайымда.  

Өркен Бисақаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Диференциялық тариф енгізілмейтін болды. Шешім қабылданды. Ақтау қаласының құрамына кіретін елді мекендер бар Өмірзақ, Приморский, Приозерный деген. Олардың да тарифтері 17 теңге 29 тиынға түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.