11 жастағы бала көпірден құлап, ажал құша жаздады
Қазір оқушы ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысуда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
05.02.2019
Оқыс жағдай күндіз Жамбыл даңғылы бойындағы биік аспалы көпірде болған. Жерде ес-түссіз жатқан баланы куәгерлер тауып алып, шұғыл жедел жәрдем шақырады. Ақ халаттылар науқастың жай-күйіне қатысты қандайда бір ақпарат беруден бас тартуда. Себебі, оқушының ата-анасы мәлімет таратуға қарсылық білдірген. Ал сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек, жасөспірім ауханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оның дене мүшесі бірнеше жерінен сынған. Дәрігерлер науқасты травматикалық шоктан шығарған соң, оған ота жасауды жоспарлап отырған көрінеді. 6-шы сынып оқушысы биіктен өзі секірді ме, әлде оны біреу итеріп құлады ма, ол жағы әзірге жұмбақ. Оның жауабын анықтаумен қазір құзырлы орын айналысуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!