Өскеменде полиция қызметкерлері көлікпен 90 жастағы зейнеткерді қақты
Ауыр жарақат алған әжей қазір ауруханада жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
05.02.2019
Қаланың қақ ортасында болған жол апаты әлеуметтік желіге лезде тарап кетті. Бейнебықылау камерасынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп үлгермеген қарт адамды полицияның қызметтік көлігі қағып, бірнеше метрге сүйреп әкеткені көрінеді. Глубокое ауданының тәртіп сақшылары зейнеткерді байқамай қалдық деп ақталуда. Тежегішті басып үлгермедік деген олар оқиға орнынан қашпай, жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртыпты. Қазір ақ халаттылар 90 жастағы зейнеткерді аман алып қалу үшін арпалысуда.
Талғат Нұриев, ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:
- Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 2 тармағы бойынша жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші жолақпен кетіп бара жатқан патрульдік полиция жаяу жүргіншіні көрмеуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!