Шалқарда төбелестен көз жұмған оқушы өліміне мұғалімдер де жазаланды
Ақтөбе облысында пышақталған шалқарлық жасөспірімнің өліміне байланысты екі мектеп директоры қатаң сөгіс алумен құтылған. Ал олардың тәрбие ісіне жауапты орынбасаралары мен марқұм оқушының және күдікті баланың сынып жетекшісі қызметінен шеттетіліпті.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.02.2019
Шалқардағы мұз айдынында қатарластарының қолынан қаза тапқан Мирасбек Дәулетиярдың өлімінен соң сол ауданға бір топ комиссия тексеруге барған еді. Олардың бір апта бойы не атқарғаны белгісіз. Себебі, комиссия мүшелері тексеріс қортындысын ашып айта алмай отыр. Бар болғаны жазаланған алты педагогтың тізімі ғана қолдарында. Ең қызығы қарапайым мұғалімдердің не үшін кінәлі болғандары да беймәлім. Айта кетелік, осыдан он күн бұрын Шалқарда оқушылар төбелесіп, бір баланы пышақтаған еді. 15 жастағы Мирасбекті қансыраған күйі такси көлігімен аудандық аурухана алдына тастап кеткен. Жасөсіпірім тілге келместен сол жерде мерт болады. Осы оқиғадан кейін Шалқардағы мектептерде күнде жиналыс. Ал тентектерді тезге салуға барған білім басқармасының тексерушілері тек құжат тексеріп қайтқан сыңайлы.
Жанар Еркешова, комиссия мүшесі:
- Комиссия мүшесі мен тек құжаттарды зерделеу мақсатында бардым.
- Құжаттары дұрыс болмады ма?
- Айтып отырмын ғой құқық бұзушылық алдындағы жұмыстарды жандандыру керек деп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!