{metadescription}
3 бала ыстан уланды
3 бала ыстан уланды

3 бала ыстан уланды

Қарағандыда көпқабатты үйде тұтанған өртте кәмелетке толмаған 3 бала ыстан уланды. Құтқарушылар қара түтіннің ішінен тағы 13 адамды әрең дегенде алып шыққан.  

7-қабатта тұтанған өрттің кесірінен құтқарушылар жоғарғы қабаттағы тұрғындарды арнайы құрылғылар арқылы сатымен түсіріп алған. Дегенмен көтерілген қара түтін жоғары қабатта орналасқан пәтердегі 7, 4 және 1 жастағы балаларды есінен тандырған. Құтқарушылар мен ақ халаттылардың шапшаң қимылы арқасында бүлдіршіндер аман қалды. Дер кезінде ем жасалып, беттері бері қараған. Өртенген пәтер иесінің айтуынша от электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін. Нақты себебін сараптама анықтайды.

Светлана Николаева Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Түтін масқара болды. Есік терезеден кіріп есті шығарды. Тұрғындар түтіннен қашып, балкондарына шығып айғайлағанда жан дауыстары шықты. 10 минуттың шінде өрт сөнірушілер жетті. Саты қойып, елді түсіріп алды әйтеуір.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.