{metadescription}
Балапан қанат бес бұлбұл, Бағында қалды сайрамай...
Балапан қанат бес бұлбұл, Бағында қалды сайрамай...

Балапан қанат бес бұлбұл, Бағында қалды сайрамай...

Осы қазаны ақтөбеліктер де аза тұтты. Қаланың қақ ортасындағы «Астана» саябағына жиналған тұрғындар алдымен бүлдіршіндерді бір минут үнсіздікпен еске алып, кейін аспанға қара, ақ түсті шар ұшырды.

Ләззат Жұмағалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Бес баланың қайғысы оңай емес. Бір күнде бес баламызды, бес арыстай қазақтың азаматтарынан айрылып отырмыз. Болашағымыз біздің. Өзіміз азақпыз, көп емеспіз. Халыққа жәрдем етіңіздер!

Күнкөрістің қамымен жүрген ата-анаға бауыр еті балаларынан айрылу жазылмас жара, орын толмас қайғы. Бұл қаза бір отбасының ғана емес, қалың елдің де сай сүйегін сырқыратты. Әлеуметтік желілер арқылы қайғыры көңіл айтып, күңіреніп жатқан елде есеп жоқ. Бес қыздың анасы Жанымкүл Ситердің шотына ақша аударуды ұсынып, жұмыла көмек қолын созайық деген қараша да жетерлік. Қайғылы оқиғаға өлең жолдарын арнап жатқандар да бар. Осылайша, дүйім жұрт айдың-күннің аманында қара жамылған отбасының қайғысына ортақ екендерін білдіруде. 

Қайран да қайран, қайран-ай,

Көктемді күткен жауқазын

Көк белде көктеп жайнамай,

Балапан қанат бес бұлбұл

Бағында қалды сайрамай.

Боздаған қазақ ботам деп

Алладан тілеп ақырын

Алақанын жайғаны-ай!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.