{metadescription}
«Ақша берсең тексермейді»: Сағынтаев неге ашуланды?
«Ақша берсең тексермейді»: Сағынтаев неге ашуланды?

«Ақша берсең тексермейді»: Сағынтаев неге ашуланды?

Сондай-ақ, бүгін президент Астанада  алапат өрт салдарынан 5 бірдей қызынан айырылған отбасыға қайғырып, көңіл айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен әкімдерге  осындай сұмдық оқиғаның  алдын алып отыру жөнінде қатаң тапсырма берді. 

Ал премьер-министр  ел бойынша пеш жағатын жер үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі  ережелерінің сақталауын қадағалауды күшейтуді талап етті. Бірақ төтенше жағдай қызметіндегілердің жұмысына салғырт қарайтыны Сағынтаевтың ашуына тиді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- Тексерушілер жеке үйге өрт қауіпсіздігін тексеруге келгенде бірінші сұрағы былай екен: «Ештеңе тексермей-ақ қояйын ақша берсең кете береміз» дейді екен. Мәселенің бәрі содан басталып отыр. Осыған баса көңіл аударыңыздар. Қатаң талап болуы керек. Сонда ғана кешегідей қайғылы жағдайға жол бермейміз.

Ал өрімдей апалы-сіңлілі 5 қыздың өмірін жалмаған өрт осы қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан. Яғни пештегі қатты қызудан мұржаның түбі тұтанып, әуелі шатырды шарпыған болуы мүмкін. Бұл әзірге негізгі болжам. Бірақ тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

Өрттің шығу себебін анықтау үшін дерек бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ал, балақайларды қараусыз қалдырғаны үшін ата-аналары ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Бұл жазалайтын оқиғалардың қатарынан емес қой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.