{metadescription}
0:000:00
Қаһарлы қыс: 2 жасар баланы аязға үсіріп алған 

Қаһарлы қыс: 2 жасар баланы аязға үсіріп алған 

Еліміздің бірнеше өңірінде ақырған аяздың беті әлі де қайтар емес. Ақмола, Павлодар облыстарында қытымыр суыққа байланысты оқушылар бір аптадан бері сабаққа бармай, үйлерінде жатыр. Ал аяздан үсік шалғандардың арасында кішкентай балалар да бар. 

Әйгерім Ардақ, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Үсік шалу салдарынан бір тәулік ішінде медициналық көмекке 14 адам жүгінді. Оның екеуі өзіндік қаралумен, ал он екі адам жедел жәрдем қызметімен медициналық ұйымдарға жеткізілген. Көмекке жүгінгендердің арасында бір бала 2017 жылғы бала. 

Әйтеуір үсік шалғандардың бәріне дер кезінде көмек көрсетіліп, олар дін аман. Қазір әбден жаураған 4 бала мен 10 ересек адамға елордалық ақхалаттылар ем-дом жасап жатыр. Ал Кереку өңірінде жыл басынан бері қытымыр аяздан сегіз азаматты үсік шалыпты. Қаңтардың 27-інен басталған суық аймақ тұрғындарын біраз есеңгіретіп тастады. Бірақ, мектеп оқушылары үшін қысқы каникул жалғасын тапқандай. Өйткені, облыс бойынша 68 мыңнан астам оқушы үйде отыр. Осылайша бірінші ауысымдағы 355 , екінші ауысымдағы 187 мектепте бүгін сабақ өтпеді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде