{metadescription}
0:000:00
«Сапарбаевтың адамымыз»: Саудагерлерді әкімнің атын айтып қорқытқан кім?

«Сапарбаевтың адамымыз»: Саудагерлерді әкімнің атын айтып қорқытқан кім?

Ақтөбедегі коммуналдық базар саудагерлері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар мемлекет меншігіндегі базар басшысының себепсіз ақша жинауынан шаршаған. Сондықтан сауда орындарын жауып, сол жерде наразылықтарын ұйымдастырды. Осы мәселеге қатысты облыс әкімдігі жанынан комиссия құрылып, тексеруге кіріскен.

Бұл қаланың қақ ортасындағы «Табыс» деп аталатын коммуналдық базар саудагерлерінің шешімі. Олар пайдасы жоқ саудадан гөрі құр отырғанымыз тиімді деп түйіпті. Өйткені мемлекет меншігіндегі базар басшысының себепсіз ақша жинай беруінен шаршаған. Сауда орындарына төлейтін ақыдан бөлек, алдын ала аванс алып, жарық пен жөндеу жұмыстарын желеу ететін көрінеді.

Набат Әбішова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан осы мәселені шешіп берсе. Тек бірдеңе айтсаң орнымызды жауып тастайды. Ешкімге ешқандай әңгіме айта алмаймыз.  

Саудагерлер жөнсіз ақша жинаудың базарға жаңа бастық келгелі басталғанын айтады. Бір жарым жыл бұрын келген ол өз кезегінде облыс әкімі Сапарбаевтың атын айтып қорқытып келді жалға алушылар.

Майра Тынышбайқызы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Біздер Сапарбаевтың адамдарымыз деп айтады. Біз осы ақшаны 25 мыңды не үшін жинап жатырмыз? Біз Сапарбаевтан бастап жоғары адамдарға беремізәкімдіктің. 

Ал базар директоры өзіне шаң жуытар емес. Саудагерлер сөзінде шындық жоқ деп отыр.

Бақытжан Тұрсейханов, «Табыс» комуналдық базарының директоры:

-Тұра тұрыңыз, тұрыңыз. Оның бәрі өтірік әңгіме.

-Депозит төледіңдер ме? Келісімге қол қойдыңдар ма?

Саудагерлер наразылығынан соң облыс әкімдігі жанынан комиссия құрылған. Олар екі апта бойына осындағы мәселені тексеретін болады.

Айдос Ақдәулет, «Ақтөбе» әулемттік коорпорациясының департаменті басшысы:

-Қазірше осы базардың басшылығы шеттетілді жұмыстан. Комиссия шешімі қабылданғанға шейін әлі жұмыс орнында әлі шеттетілді. Келісім шартты қайтадан қарастырамыз.  

Коммуналдық базарға қазір уақытша директор тағайындалған. Комиссия мұнда екі апта бойы тексеру жүргізетін болады. Олар есеп-қисапты ақтарып, директордың үстінен түскен шағымдарды зерттейді. Егер мұның бәрі рас болса базардың бастығы түбегейлі жұмысынан қуылады деп сендірді әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде