{metadescription}
Отқа оранған үйден адамдар әзер қашып шыққан
Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шықты! Абырой болғанда, тұрғындары аман. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 35 адамды құтқарды. Оның 12-сі бала.
Автор: Аруна Ортай
06.02.2019
Өрт екінші қабаттан жоғары қарай тараған. Тұрғындардың арасында бірінші топтағы мүгедек бар екен. Жүріп-тұра алмайтын азамат пәтерінен өздігімен шыға алмай қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар оны дер кезінде байқап, далаға алып шықты. Өрттің неден тарағаны әзірге белгісіз. Мамандар, тіпті, алдын ала болжам да айта алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!