{metadescription}
0:000:00
Баласын қызыл жалыннан құтқарған әке өртеніп өлді

Баласын қызыл жалыннан құтқарған әке өртеніп өлді

Солтүстік Қазақстан облысында баласын қызыл жалыннан құтқарған әке өртеніп өлді. Қайғылы оқиға Петропавлдан 40 шақырым қашықтықтағы Архангелка ауылында болған. 

Анасы жұмыстан қайтып үлгермеген 13 жастағы қыз кешкілік үйде жалғыз қалған екен. Әкесі сол кезде есік алдында жүріпті. Тілсіз жау тұтанғанда жеткіншек терезені сындырып, өз бетінше әрекет етеді. Ал, лезде жеткен әкесі баласын құтқарып қалады. Алайда, болжам бойынша құжаттар мен ақша есіне түскен марқұм үйге қайтып оралыпты. Сол сәтте газ баллон жарылып, баспананың күлі көкке ұшқан. Төтеншеліктер бір адамның өмірін жалмаған өрт техникалық қауіпсіздік сақталмағаннан деп отыр.

Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

-Газ баллоны орнатылар алдында далада болған. Даладан кіргізген кезде баллон қатып тұрған. Содан кейін ери бастаған кезде газдан өрт шығып, жарылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде