{metadescription}
0:000:00
Көпбалалы отбасыларға үй салу үшін үкімет ақша іздеп жатыр

Көпбалалы отбасыларға үй салу үшін үкімет ақша іздеп жатыр

Астанада алапат өрттен бес бірдей перзенті көз жұмған отбасының қайғысынан кейін шенеуніктер шұғыл қимылдай бастады. Үкімет үйсіз жүрген көпбалалы отбасыларға баспана салып беру үшін қосымша қаржы іздеуге кірісіпті.

Жеңіс Қасымбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Пәтер салу үшін қазір қаражат іздеп отырмыз. Жылына 700 пәтер салынатын болса, оны екі есе, үш есе көбейту керек. Осындай ұсыныстар біздің біздің министрліктен болады. Екінші, «Нұрлы жер» бағдарламасында арнайы бір бөліммен тек көпбалалы отбасыларға үй салу жағын Үкіметте де қарастырамыз.  

Сондай-ақ, министр елімізде жалға берілетін баспана саны да артатынын айтты. Егер осы жобаға жылда 25 миллиард теңге бөлінсе, биыл 35 миллиард қарастылырыпты. Бұл қаржыға 4 мың пәтер салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі енді аймақтардағы әкімдермен  бірлесіп, жалға берілетін үйлерді еселеп көбейтудің жолын қарастырып жатыр. Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға арналған бөлек бағдарлама болған емес. Ал қазір елімізде 270 мың көпбалалы шаңырақ бар. Олардың арасында үйсіз-күйсіз жүргендер жетерлік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде