{metadescription}
0:000:00
Кезекті отандық комедия АҚШ-та түсірілмек

Кезекті отандық комедия АҚШ-та түсірілмек

Биыл күзге қарай қазақ киносының қоржыны тағы бір комедиямен толықпақ. Туындының атауы «Жаным». Бұл - продюсер Нұрлан Қоянбаевтың кезекті туындысы. Киноның сценарийін жазуға Жәмит Көшербаев, Әмір Жүндібаев үлес қосқан. Эпизодтардағы көріністерге қоюшы-режиссер Дархан Сәркенов жауапты. Жас маман бұған дейін еліміздегі бірнеше жобада тер төккен.

Дархан Сәркенов, фильмнің қоюшы-режиссері:

- Әрине қобалжу бар. Шетелде түсірудің де өзіндік астары бар. Оны көре жатар деп ойлаймын. Қазір өзіміз сценарийді оқып жазып жатқан кезде өзімізге қызық. Сценарий өзімізге қатты ұнайды.

Фильмнің жанры - романтикалық комедия. Басты рөлдерде Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова ойнайды. Қосалқы құрамға Голливудтағы әйгілі өнер жұлдыздары шақырылған. Алайда, әзірге олардың кім екені құпия. Туындының аты айтып тұрғандай, махаббат, екі жастың арасындағы ғашықтық сезім жайындағы хикая. Авторлардың пікірінше, көрермендер экрандағы оқиғадан шынайы әсер алады. Шығармашылық топтың екінші легі бүгін түнде Лос-Анджелесті бетке алды. Ал, Нұрлан Қоянбаев бастаған алғашқы топ Америкадағы түсірілім жұмыстарына дайын. Осы мақсатта Голливудтағы продакшн компаниялардың бірімен келісім-шартқа отырған. Шетелдік мамандар 1 айға жуық созылатын түсірілім жұмыстарына көмектеседі. Комедияның жалғасы Қазақстанда түсірілмек. Картина көрерменге қазан айында жол тартады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде