Қазақстан бензині Орталық Азия елдеріне экспортқа шығарылмақ
Биыл бензин мен дизельден және авиакеросиннен тапшылық көрмейміз. Жанармайдың үш түрінен де Қазақстан өз-өзін толық қамтиды. Энергетика министрі осындай уәде беріп отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
08.02.2019
Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:
-Өткен жылдың қорытындысы бойынша, нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамту көрсеткіштері былай болды. Бензин – 93 пайыз, дизельдік отын – 91 пайыз, авиакеросин – 62 пайыз. Биыл өнім көлемін өсіріп, осы өнім барлығы бойынша толық қамтимыз деп отырмыз.
Бұдан бөлек, Қазақстан бензині Орталық Азия елдеріне тұңғыш рет экспортқа шығарылмақ. Осы күндері Қырғызстанмен арада келісім жүріп жатыр. Бәрі ойдағыдай болса, осы айдың ішінде қырғыздарға 10 мың тонна жанармай жіберуіміз керек. Былтыр әсіресе, дизельдік отын бойынша тапшылық байқалып, оның құны 160-тан 193 теңгеге өсіп кеткен еді. Нарықта оның тапшылығын болдырмас үшін енді министрлік батыл қадамға барып отыр. Энергетика министрлігі дизельдік отынды сыртқа шығаруға уақытша шектеу қоятын бұйрық шығарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!