{metadescription}
ҚТЖ қызметкерлері жаппай пара алды деген күдікке ілінді
ҚТЖ қызметкерлері жаппай пара алды деген күдікке ілінді

ҚТЖ қызметкерлері жаппай пара алды деген күдікке ілінді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 30-дан аса қызметкері жемқорлық дерегі бойынша ұсталды. Олар пойыз вагондарын тексермес үшін жолсеріктер мен пойыз бригадирлерінен тұрақты түрде ауызбастырық алып отырған.

Шыңғыс Қабдолла, Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысының орынбасары:

-Ұлттық компанияның 31 қызметкері, оның ішінде 3 ревизор, көлік бақылау инспекциясының 3 өкілі, жеке тасымалдаушылардың 9 адамы мен 6 бекет кезекшісі, 2 желілік полиция өкілі және осыларға көмекші болып жүрген тағы 6 адам ұсталды.

Соңғы алтауы жәй жүрген жоқ. Осы қылмысқа қатысы бар адамдардың туыстары болып шықты. Көмекшілердің негізгі қызметі ақша жинау. Қылмыстық жүйенің жалпы көрінісі мынау. Ревизорлар вагондарда тексеру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбейді. Сол үшін пойыз жолсеріктері олардың қалтасына 8 мыңнан 40 мың теңгеге дейін ақша салып отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро өкілдері осындай құрықтау шараларын Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында жүргізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде