Қазақстандағы тұңғыш кастрациялау жазасы іске аспай қалды
Қылмыскердің ағзасына химиялық дәріні мәжбүрлеп салуға сот былтыр үкім еткен. Алайда, апелляциялық алқа соңғы мезетте шешімін өзгетіп жіберіпті. Бұл туралы Түркістан облысының бас дәрігері Мұқан Егізбаев айтып берді.
Автор: Бек Әбиев
08.02.2019
Мұқан Егізбаев, Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
-Біз сатып алғанбыз. Соны жасар кезде соттың шешімімен тоқтатып тастады. Соттың шешімі бар.
Қазақстан тарихындағы алғаш рет кастрациялау 30 жастағы Төлеби ауданының тұрғынына жасалау керек болған-ды. Ол кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін айыпты деп танылған. Алайда, алғашында прокуратура бұл әдісті қолдануды жарты жылға созса, кейіннен сот мүлдем тоқтатып тастаған. Айта кетсек, химиялық кастрациялау туралы заң 2018 жылдың қаңтарынан күшіне енді. Ал, мемлекет екі мың инъекцияны сатып алуға ақша бөліп қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!