Халықтың 6 миллиард 600 миллион теңге салық өсімпұлы кешірілмек
Салығын уақытылы төлей алмаған тұрғындарға қатысты осындай шара қолданылмақ. Ал бизнес нысандарының 130 миллиард теңгесі кешірілмек.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.02.2019
Жұрттың мемлекеттік қазынаға негізінен көлік, мүлік және жер салығы бойынша берешек екен. Осы күнге дейін 28 мың салық төлеуші 5,9 миллиард теңгесін төлеп үлгерген. Ал салығын уақытыл төлей алмай жүрген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 90 мыңға жетіпті. Олардың берешегі 210 миллиард теңгені құрайды. Салық амнистиясына ілігу үшін олар жыл аяғына дейін қарызды төлеп үлгеруі керек.
Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:
-Бүгінде 1 миллион 387 мың жеке тұлғаның 21 миллиард теңге қарызы бар. Соның 6,6 миллиард теңгесі өсімпұл. Салығының негізгі бөлігін төлеген адамдарға барлық үстеме ақылары алынып тасталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!