{metadescription}
Ұлттық санақ бір жылға шегерілгелі жатыр
Ұлттық санақ бір жылға шегерілгелі жатыр

Ұлттық санақ бір жылға шегерілгелі жатыр

Биыл елімізде халық санағы болмауы мүмкін! Осы жылы тұрғындар түгенделіп, статистика жаңаруы тиіс еді. Бірақ Үкімет бұл науқанды келесі жылға қалдырғалы отыр.

Статистика комитетіндегілер ұлттық санақты енді 2020 жылы ақпан мен наурызда  өткізген тиімді  дейді. Өйткені дайындық пен ұйымдастыру жұмыстарына біршама уақыт керек. Бұл ұсынысты Үкімет мүшелері мен әкімдер талқылап, дауыс беруі тиіс. Егер шенеуніктер бір ауыздан қолдаса, санақ келесі жылы 5-ақпан мен 5-наурыз аралығында жүреді. Негізі, заң бойынша әр он жыл сайын халық санағы ұйымдастырылуы  тиіс. Елімізде соңғы санақ 2009 жылы өткен. Биылғы санаққа бюджеттен 9 миллиардқа жуық теңге бөлінген. Бұл санақты басты ерекшелігі – сауалнама электронды түрде жүргізіледі. Мамандар да әзір.

Бауыржан Әлжанов, ҰЭМ Статистика комитетінің сарапшысы:

-Шамамен 30 мың адам тартылады. Яғни, 30 мыңдай планшет сатып алынады. Интернет жоқ жерлерде планшет офф-лайн режимде жұмысістейді. Барлық алынған мәліметтер интернет бар жерде онлайнға өткізіліп, ортақ серверге жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде