{metadescription}
Газ жарылған көпқабатты үйдің тұрғындары өз баспаналарына қайта оралуға қорқады
Газ жарылған көпқабатты үйдің тұрғындары өз баспаналарына қайта оралуға қорқады

Газ жарылған көпқабатты үйдің тұрғындары өз баспаналарына қайта оралуға қорқады

Өткен жұмада болған жарылыстан төрт пәтердің дымы қалмаған. Қабырғалары қақырап, есік-терезесі сыныпты. Бірақ бұл үйді үш күн бойы тексерген әкімдіктегілер тұруға жарамды деген тұжырымға келген. Бірақ үйінді астында қаламыз деп үрейленген тұрғындар онымен келіспей отыр.

Бес қабатты бұл үйдің екі подъездінің тұрғындары үш күннен бері туған-туыстарын жағалап жүр. Жұма күнгі жарылыстан соң оларды дереу сыртқа шығарып, алғашында интернатқа орналастырмақ болған еді. Көбісі одан бас тартып, жақындарына кеткен. Тек екі отбасына әкімдік пәтер жалдапты. Ең бастысы газ жарылғанда ешкім зардап шекпеді. Тек үш тұрғын жеңіл жарақат алып, олар да ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сергей Лазаренко, Петропавл қаласының тұрғыны:  

-Жарылыстың мықты болғаны сонша үйдің қабырғалар қақырап кетті. Тіпті екі пәтердің қабырғасы толайым құлап қалды. Лилия деген көршімді көргенде төбе шашым тік тұрды. Аяқ-қолы қан-қан. Денесін жырып кеткен.

Александр Моревтің баспанасының түгі қалмаған. Көршісімен арадағы қабырға құлап, қос пәтердің аумағы бірігіп кеткен. Үй иесі қанша жерден жөндеу істелсе де мұнда енді тұрмаймын деп азар да безер. Әкімдіктегілер газ жарылған кезде бұзылған үш пәтердің ғана кем-кетігін жөндеп, жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша беруді өз мойындарына алған. Ал қалған тұрғындар қорықпастан үйлеріне оралсын деп отыр. Өйткені еш қауіп жоқ дегенді айтады.

Евгений Глотов, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

-Жарылыс кезінде төрт пәтер зақымданды. Зардап шеккен отбасыларға материалдық шығындарын өтеуге қаражат қарастырылған.

Газдың неден тұтанғаны әзір белгісіз. Жарылыс болған пәтер жалға беріледі екен. Қожайыны өзге елде тұрады. Оны әлі іздестіріп жатыр. Ал бұл үйге әлі газ бен жарық берілмеген. Бірақ оны сұрап жатқан тұрғындар жоқ. Өйткені, бұл үйге енді қайтып кірмейміз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.