Қоғамдық даму министрлігінің лауазымды шендісі түрмеден айыппұлмен құтылды
Жазасын абақтыда емес, айыппұлмен өтейді. Ірі көлемде пара алып ұсталған Қайсар Жаңаханов мемлекетке 141 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Астана соты Қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қоғамдық келісім комитетінің басшысына қатысты осындай үкім шығарды.
Автор: Жәудір Оразхан
11.02.2019
Сондай-ақ, Қайсар Жаңаханов өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Оның сыбайласы әрі қарамғында жұмыс істеген Арман Сәдуақасов та 57 миллион 250 мың айыппұл арқалады. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Қоғамдық келісім комитетінің басшысын 1 миллион 900 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстаған еді. Судья Жахановты бас бостандығынан айырмады. Мемлекетке 141 миллион 663 мың 610 теңге айыппұл төлесін деп шешті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!