Биыл 505 елдімекен топан судың астында қалуы мүмкін
Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдарға қауіп төніп тұр.
Автор: Жәудір Оразхан
12.02.2019
Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, 15 мың құтқарушы мен 2 мыңнан астам техника сақадай сай. Артық жанармай қоры, бөгеттерге қоятын қап, өзге де материалдар дайындалып жатыр. Бірақ кейбір аймақтар дұрыс қамданбаған. Мәселен, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар мен Ақтөбе облыстарында қаржы жетпей айналма канал, су өткізетін дамбалардың құрылысы әлі аяқталмаған. Ал Түркістан облысында төрт өзеннің жағасы тазартылмапты. Осының бәрі су тасқыны кезінде қиындық туғызады. Сондықтан премьер-министр қамсыз отырған әкім-қаралардың басымен жауап беретінін қатал ескертті. Негізі, Үкіметтің 2020 жылға дейінгі тасқынның алдын алуға арналған жол картасы бар. Оған сай, 174 дамба, 119 гидротехникалық қорғандар, 64 көпір салу жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!