{metadescription}
0:000:00
Тасқын кезінде Атбасарды қалпына келтірген құрылысшылар жалақыларын ала алмай жүр

Тасқын кезінде Атбасарды қалпына келтірген құрылысшылар жалақыларын ала алмай жүр

Яғни, мемлекеттің 3 жарым миллиард теңгесіне салынған 11 көпқабатты үйдің 10-ы әлдеқашан пайдалануға берілген. Қазір жұмысшылар киер киім мен ішер асқа жарымай әбден қарызға батқан екен. Арасында Астанадан жұмысқа келіп үйлеріне қайта алмай жүргендер де бар.

Атбасарда 2017 жылы көктемдегі топан суды жұрт әлі ұмыта қойған жоқ.Жабай өзені тасып,жан ақтан ағылған тасқын судан олар әйтеуір бастарын аман алып қалған. Қазір 450 отбасы жаңа үйлерге қоныстанды.Енді керісінше,сол үйлерді тұрғызған құрылысшылар тентіреп жүр.

Олар 10 көпқабатты үйді толығымен аяқтағанша бел жазбай жұмыс істеген. Тұрғындарға пәтер кілттерін табыстаған соң жалақы алудан қалдық деп отыр. Жалдаған пәтерлерінің де ақысын төлей алмай, жаңа жылдан бері осы маңды айналшықтаумен жүр екен.Астанадан келіп, кейін қайту бір мұң болыпты.

Ләйлә Бейсенбаева, сылақшы:

Ақшасыз қалай кетем? Жаяу кетеміз бе? Нанға ақша жоқ. Әкімдікке барсақ шаруасы жоқ. Мердігер мен бас мердігерден сұраңдар дейді. Олар бізбен сөйлеспейді, телефон да алмайды. Боқтайды.

Құрылысшылардың айғай-шуын естіп, мердігер компанияның да өкілі келді. Бір қызығы,өзін директормын деген әйел жұмысшыларды танымайтынын айтса,оларды боқтап жүрген қосалқы мердігер Мейрамгүл Жиенбаева ақшаларыңды бергем деп шалқаларынан түсірді.

45 пәтерден тұратын 5 қабатты 10 үйдің соңғысына тұрғындар кеше қоныстанған. Тасқын суда зардап шеккен отбасыларды осы үйлерді тұрғызу үшін мемлекет 3 жарым миллиард теңге бөліпті. Сол қаржының құрылысшыларға жету-жетпесіне Атбасар аудандық әкімдігі жауапты емеспіз деп мәлімдеді.

Галина Мороз, Атбасар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Мен бұлармен келісім шартқа отырғаным жоқ. Келісім жасаған мердігерге барсын. Мердігер компанияға атқарылған жұмыс көлемі үшін толық ақша аударылды. Біз мемлекеттік мекеме болғандықтан бұлардың жеке шаруасына араласпаймыз.

Осылайша олар қарапайым жұмысшы алдында ешқайсысы да жауапты болмай шықты. Оның үстіне ақшаны алып, түлкібұлаңға салып жүрген қосалқы мердігермен құрылысшылардың көпшілігі келісім шартқа отырмаған. Мердігердің олардың танымадым деуі де содан. Тіпті сотқа шағымданып та әділдік таппауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде