{metadescription}
0:000:00
Астанада компьютер ойнауға кеткен бала ұшты-күйлі жоғалып кетті 

Астанада компьютер ойнауға кеткен бала ұшты-күйлі жоғалып кетті 

Астанада оныншы сынып оқушысының із-түссіз кеткеніне бесінші күн. Жұма күні түс қайта компьютер ойнауға кеткеннен қайта оралмаған. Үш күн бойы телефоны қосылып тұрған жас өспірімнің қайда екенін полицейлер  әлі анықтай алмай отыр. Есесіне жоғалған Болаттың сыныптастарының ата-аналары аумақты түгел тінтуге көшкен. 

- Болаттың осымен хабарсыз кеткеніне бүгін бесінші күн. Көрдім, білдім деген біреу жоқ. Әзірге іздеуші топтың бар қолынан келері аула-ауланы аралап, мынандай хабарландыру қағазын іліп жүр. 

Іздеуші топ дегеніміз Болаттың сыныптастарының ата-аналары. 16 жастағы бозбала үйінен сұр жемпірі мен күлгін көйлегін киіп шыққан. Ата-аналар осы суреті пен жеке мәліметтері жазылған парақшаны алдынан шыққанның бәріне көрсетіп жүр. Бір хабар болып қалар деген үміттің жетегімен осы қағаздарын маңайдың бәріне жапсырып біткен. Бірге оқитын сыныптастарының айтуынша, Болат Қожамжардың  компьютерлік ойындарға әуестігі бар екен. Өзі де соңғы рет жұма күні кешкі сегізге дейін компьютерлік клубта болатынын айтыпты. 

Марат Садырбаев: 

- Барлық компьютерлік клубтарды қарап, парақшаларға жазып, мешіттерді қарап, интернет-клубтарды қарадық, ішкі-істер қызметкерлерімен хабарда болып тұрмыз. Енді бәрінің айтып жатқаны «жұмыс істеп жатырмыз». Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. 

Болат Қожамжардың  өзі айтқан компьютерлік клубтағылар оның түрі таныс екенін растағанымен, сол күні көрмегендерін айтады. Әкесі де бейнебақылау камерасынан айтылған уақытты қарап, ұлын таба алмады. Айтуынша, ойнайын десе, компьютер үйінде тұр. 

Сағынбек Қожамжаров, Болаттың әкесі:

- Жұма, сенбі, жексенбі үш күн телефоны қосылып тұрды. Бірақ, қосылғанда уақытша қосылады, сосын сөндіріледі. Ал енді қазір дүйсенбіден бастап телфоны қосылмайды. Компьютері бар үйде. Бірақ ойнамайтын. Үйде сол компьютеріне кіріп, ағылшын оқитын. 

Сабағын беске оқып, олимпиадалардан жүлде алып, сыпайы тәртібімен көзге түскен жеткіншекті ата-аналардың бәрі таниды. Оғаш қылығы болмағандықтан, бұлай бейхабар жоғалып кетуі жәй нәрсе емес деп қорқып отыр. Өйткені, сыныптастарына, олардың ата-анасына бірнеше рет қоңырау шалып, қайтадан өшіп қалғаны түсініксіз болып тұр. Полицейлер  үш күн қатарынан телефоны қосылып тұрған жас өспірімнің қайда екенін әлі күнге анықтай алмапты. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде