Әбілқасымова отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ұзақ үнсіздіктен кейін өзін сынағандар мен отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді. Мәдина Әбілқасымова, өзіне қарата айтылған барлық сынды елеп ескеріп, кемшілікті жою үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Енді Астана мен аймақтарда арнайы штабтар құрылмақ. Көпбалалы отбасылар өздерінің талап-тілектерін солар арқылы жеткізе алады.
Автор: Досжан Маратұлы
12.02.2019
Мәдина Әбілқасымова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Біздің министрлік түрлі сынды естиді. Өйткені көп күрделі мәселе біздің министрлікке жатады. Осы сынды естіп біз қажетті шараларды тиімді түрде жасауға тырысамыз. Барлық талаптарды біз жинап жатырмыз. Тек жергілікті әкімдіктерге емес, біздің министрлікке де көпбалалы аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың бәрін естіп, жұмыс тобының аясында шешуге тырысамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!