{metadescription}
0:000:00
«Баяғы жартас, сол жартас»: Сағынтаев өрт қауіпсіздігіне жауаптыларды жазалады

«Баяғы жартас, сол жартас»: Сағынтаев өрт қауіпсіздігіне жауаптыларды жазалады

Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін жұмысына жауапсыз қараған шенеуніктердің алды қызметінен қуыла бастады. Үкімет басшысы алдымен Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мен Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына қатаң сөгіс жариялап, оның орынбасарын жайлы орынтағынан айырды. Премьердің  бұлай ашулануы бекер емес. Өйткені өрт салдарынан көз жұмғандар саны тым көбейіп кеткен.

Елімізде өртке қарсы шаралар барынша күшейтілгенімен, бұдан нәтиже шамалы. Өйткені статистика адам шошытады. Ел аман, жұрт тынышта былтыр жүздеген адам қызыл жалыннан көз жұмған. Түрлі қойма, базарлар мен тұрғын үйлердің отқа орануы да азаймай тұр.

Қалмұханбет Қасымов: 

- Елімізде өрттің алдын алу мәселесі күрделі жағдайда. Елімізде жыл сайын 15 мыңнан астам өрт тіркеледі. Былтыр тілсіз жаудан 846 адам зардап шекті. Оның ішінде 434-і қайтыс болды. Тікелей өрттен келген материалдық залал 3 млрд теңгеден асты.

Бұл Қалмұханбет Қасымовтың Ішкі істер министрі болып отырғандағы баяндамасы. Оның айтуынша, өрттің басым бөлігі жер үйлерден шығады екен. Тұрғындардың өздері от пен ошаққа абай болмайды дейді Қасымов. Тіпті ол қауіпсіздік талаптарын тексеруге келген өрт сөндірушілерді босағадан аттап бастырмайды деп ақталды. Ал Бақытжан Сағынтаевқа Қасымовтың кінәні өзінен емес, тұрғындардан іздеуі ұнамай қалса керек. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жариялап, оның орынбасары Барат Тұзақбаевты қызметінен босатты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

- Қандай тексерістер, қандай шаралар болды? Ол туралы сөз жоқ, Айтатындарыңыз бәрі керемет, бәрі жақсы. Қандай бақылау екенін көріп тұрмыз. Қазақта сөз бар «Баяғы жартас, сол жартас» деген. Тасқын болса су астында қаламыз. Қыс келеді үйлер өртеніп жатады.

Сондықтан ашуға булыққан премьер өртке қарсы шараларды одан сайын күшейтуге пәрмен берді.  Құтқарушылар, әсіресе, тұрғындарға ескерту қағазын ұстатып қана қоймай, қала шетіндегі ескі жер үйлерді жылыту маусымы аяқталғанша қатаң бақылауда ұстауы тиіс.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, үйлерге жапсарлас салынған  ескі сарайларды жалға беруге заңмен тыйым салу туралы ұсыныс дайындамақ. Өйткені қалай болса солай  лашық тұрғызып, оны жалға беретін пысықайлар көбейіп кеткен. Ал оның соңы қайғылы жағдайларға әкеліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.