{metadescription}
0:000:00
Қалмұханбет Қасымов несімен есте қалды?

Қалмұханбет Қасымов несімен есте қалды?

Бүгін Қалмұханбет Қасымов орнынан кетті. Сөйтіп, Ішкі істер министрі болып осы уақытқа дейін оның орынбасары қызметін атқарған Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды. Ал ұзақ жылдан соң орынтағын  босатқан генерал Қасымовқа жаңа қызмет лезде табыла кетті.

- Қалмұханбет Қасымов бүгін Үкіметтің жалпы отырысына қатысып, баяндама жасапты. Қызмет ауыстыратынын сезген сияқты ғой?

Иә, Қасымов министр ретінде төтенше жағдай, су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жайлы соңғы рет Үкіметте баяндама жасады. Бірақ, генерал ауыс-түйіс жайлы сыр алдырмағаны анық. Әдеттегідей жиыннан кейін журналистер генералға сұрақ қоюға тырысқан. Алайда Қасымов тоқтай қоймады. Төртінші қабаттағы премьер-министрдің кабинетіне асыққан  сынды.

- Қазір жоғарыға көтерілуім керек.

Оның үстіне Елбасының өзі де Қасымовты «өте тәжірибелі генерал, адал адам» деп сипаттаған  болатын. Сол мақтаулы министр ақыры Ақордаға кетті. Енді Қалмұханбет Қасымов қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Әрі  президенттің көмекшісі қызметін де қатар алып жүреді. Одан қалды күллі күш құрылымдарының жұмысын үйлестіруге жауапты.

Ал Қасымовтың кезінде қандай оқиғалар болып еді? Ол елдің есінде немен есте  қалды?

Қасымовтың тұсында Ішкі істер министрлігі ең жемқор ведомстволардың тізімінен түскен емес. Сондай-ақ, сақшылар ала таяқсыз қалды. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай қызметін қосып алды. Қасымов журналистердің есінде желаяқ министр ретінде танымал боп қалмақ. Сонымен қатар экс-министрдің кезінде Ақтөбе, Атырау, Тараздағы терактілер болды. Алматыда қарақшылар тапа-тал түсте Денис Тенді пышақтап кеткенде, жұрттың шыдамы таусылды. Халық  ашық түрде Ішкі істер министрінің  отставкаға кетуін  талап ете бастады. Алайда Қасымов «кет» дегенге бірден кете қоймады.

Қалмұханбет Қасымов:

- Отставка бойынша, біз әскери адамбыз. Оны Президент шешеді, біз соған көнеміз.

8 жыл орынтағын босатпаған Қасымов ішкі істер саласын реформалауға кіріскен еді. Полицейлердің қызметтік киімін жаңартып, өзгерісті формадан бастады. Ал Ішкі істер департаменттерін Полиция департаменті деп ауыстырды.

Енді Қасымовтың әлі де аяқталмаған реформасын Ерлан Тұрғымбаев жалғастырады. Тұрғымбаев бүгіннен бастап Ішкі істер министрі. Ол бұл салада  жаңа адам емес. Тұрғымбаев 7 жыл министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде