Қызыма іздеу саламын
Бауыр еті баласынан көз жазып қалған алматылық Светлана Обидина елден көмек сұрайды. Айтуынша, 25 қаңтарда дәріханаға кеткен қызы үйіне сол күйі оралмапты.
Автор: Әсем Қабылбек
14.02.2019
Алматы полициясы із-түссіз жоғалып кеткен Александра Обидинаға іздеу жариялағалы 21 күн. Әзірге, нәтиже жоқ. 18 жастағы бойжеткен эпилепсиямен аурады. Бұл оның бірінші рет жоғалуы емес. Былтыр да үйінен шығып кетіп, әзер табылыпты. 9-сыныпқа дейін Қаскелеңдегі арнайы интернатта оқыған. Кейін денсаулығына байланысты үйінде білім алады. Қазір іздестіру жұмыстарына еріктілер тартылған. Олар жоғалған қыздың суретін барлық жерге іліп шықты. Қояншық ауруына шалдыққан қызды Саяхат жақтан бір рет көргендер бар. Бірақ аталған дерек нақтыланбады. Анасының айтуынша, Александра қазақша және орысша еркін сөйлейді. Үй шаруасына икемді. 25 қаңтар күні тұмауратып сырқаттанған анасына дәрі-дәрмек алу үшін шығып, із-түссіз кеткен.
Светлана Обидина, жоғалған А. Обидинаның анасы:
- Саша, егер бізді көріп отырсаң тезірек үйге қайтшы. Бәріміз сені жақсы көреміз. Екі әжең де алаңдап сені күтіп жүр. Қызымның неге бұлай жасағанын білмеймін. Оған күн сайын талма ауруына қажетті препаратты қабылдау керек. Не істерімді білмеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!