Қарыз емес, қақпақ іздеп жүр
Әдетте борышкерлерді іздейтін коммуналдық мекемелер, енді ұрылардың ізіне түскен. Айтуларынша, қаладағы кәріз құдықтарының қақпақтарын әлдебіреулер сыпырып кете береді екен. Қақпақ іздеп, аяғынан таусылған қызметкерлер темір-терсек қабылдау орындарын түгін қалдырмай аралаған. Бірақ та, жоғалған қақпақтар оңайлықпен табыла қоймады.
Автор: Аруна Ортай
14.02.2019
Темір-терсек өткізу орындары болса, «қақпақ қабылдамаймыз деп» азар да безер. Олардың сөзіне сенбеген «Алматы су» мекемесінің қызметкерлері темір-терсектің ішін өздері аралап шықты. Расында да, түрлі-түсті металл қабылдау орындарынан бірде-бір қақпақ табылмады. Мамандардың металл қабылдаушыларға сенбейтіндей жөні бар. Себебі, былтырдың өзінде қалада үш жүзден астам су жаңа темір қақпақ ұрланыпты. Күніне бір қақпақ қолды болады деген сөз. Жоғын іздеген коммуналшылар полицияға да шағымданған. Бірақ та, ұсталған ұры жоқтың қасы. Ақыры таппаған соң ашық жатқан құдықтарды жаңа қақпақпен жауып кетуден басқа амалдары жоқ.
Ақбота Жылысова, «Алматы су» холдингі қоғаммен байланыс жөніндегі маман:
- Металл қабылдайтын жерлерге қажет емес болса, онда не себепті ұрлайды? Қабылдамаймыз дейді, бірақ мен сеніңкіремеймін! Құқық қорғау органдарынан сіз қорқасыз, сол үшін айта алмай тұрсыз!
- Жоқ! алмаймыз-!
- Шынымды айтам! Алабөтен алмаймын! Шынымды айтамын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!