«Үлкен отбасы» мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы мүмкін
Елімізде көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшерінің жартысына теңестірілуі мүмкін. Сондай-ақ сенаторлар батыр аналарға арнап мемлекеттік бағдарлама қабылдауды да ұсынды.
Автор: Досжан Маратұлы
14.02.2019
Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:
- Әрбір балаға кәмілеттік жасқа жеткенше ең төменгі жалақының 50 пайызын төлеу мүмкіндігін қарау керек. Екіншіден, дамыған елдердегідей, көп балалы отбасын қолдау және жәрдемдесу мақсатында «Үлкен отбасы» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы тиіс.
Яғни, қазір ең төменгі жалақы көлемі 42 мың теңге екенін ескерсек, депутаттар көп балалы отбасындағы әр бала үшін 21 мың теңгеден төленсін дейді. Сәйкесінше жәрдемақы көлемі жанұяда 4 бала болса - 84 мың, 5-еу болса - 105 мың теңгені құрауы тиіс. Десе де бұл әзірге ұсыныс қана. Сондай-ақ, депутаттар көп балалы отбасыларды қолдау үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, пәтер беру үшін бөлек кезекке қою керек дейді. Айта кетерлігі қазір Үкімет онсыз да еліміздегі 340 мыңнан астам көп балалы отбасыны мемлекеттік баспанамен қамтудың жолдарын қарастырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!