{metadescription}
Адам жүрегін тоқтататын препарат сатылымнан алынып жатыр
Адам жүрегін тоқтататын препарат сатылымнан алынып жатыр

Адам жүрегін тоқтататын препарат сатылымнан алынып жатыр

Еркін саудадағы қауіпті препарат. Елімізде франциялық «Эреспал» препаратын сатуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  ресми хат жолдаған өндіруші компания жануарларға сынақ жүргізгенде препарттың кері әсерін байқаған. Ал, жөтел мен демікпеге қарсы қолданылатын бұл дәрі елімізде 10 жылдан астам еркін саудаланып келген. Оны педиаторлар кішкентай балаларға дейін тағайындайды.

Қазақстанда 10 жылдан астам ашық саудаланып келген «Эреспалдың» түйіршік түріндегі дәрісі де, шәрбаты да Францияда өндіріледі. Бірақ, дәрінің адам ағзасына зияндығын өндіруші компанияның мамандары анықтапты. Тәжірибе ретінде жануарларға сынақ жүргізгенде бірден кері әсері байқалған. Әсіресе жүрекке зиян екен. Сөйтіп препарат тіркеуге алынған мемлекеттерге ресми хат жолдапты.  

Людмила Бюрабекова, ДСМ фармация комитетінің төрайымы:

- Аймақтық департаменттегілер дәріханалар мен жеткізуші компанияларды бұл дәріні кері қайтару жайында хабардар ететін болады. Бірақ, айналымнан шығатын дәрінің көлемін әзірге айта алмаймын. Ең бастысы, бұл мемлекеттік кепілдендірілген тегін дәрілер тізімінде жоқ.

Нарықтағы бағасы 2 мың және 2 мың 500 теңге аралығындағы «Эреспал» дәрісі  жөтел және демікпеге қарсы қолданылады. Нұсқаулығында балаларға да қолдануға рұқсат етілген деп жазылған.  Алайда, министрлік өкілдері әзірге дейін аталмыш препараттан зардап шеккен адам жоқ дейді. Бір қызығы, министрліктегілер дәріні сатылымнан алу жөнінде бұйрық шығарса да,  жоғарының пәрмені дәріханаларға әлі жетпеген екен.

Абабакур Абдували, фармацевт:

-  Ресми түрде алыңдар деген қағаз келген жоқ.  Бірақ, онсыз да сатып жатқанымыз жоқ.   

1973 жылдан бері төрткіл дүниеге кеңінен тараған препаратқа қазір әлемнің 32 елінде тыйым салынып үлгерген. Алайда, еліміздегі дәріханаларға ресми нұсқау түспегенін ескерсек, бас пайдасын көксегендер дәріні еркін саудаға салмасына ешкім кепілдік бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде