{metadescription}
Дариға Назарбаева судьяларды сынға алды 
Дариға Назарбаева судьяларды сынға алды 

Дариға Назарбаева судьяларды сынға алды 

Депутаттың айтуынша, қара қылды қақ жаруы тиіс билердің әділетсіз үкіміне наразылар көбейген. Тіпті, судьялар істің ақ-қарасын сауатты түрде ажырата алмайды екен.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

- Маған келіп түсетін шағымдардың көбі – судьяның біржақты үкім шығаратыны жайлы. Яғни, дәлел-дәйектер жеткіліксіз болса да, айыпталушыны түрмеге жабатын көрінеді. Тіпті, судьяның тек прокурордың сөзіне құлақ түріп, адвокатты тыңдағысы келмейтіні жайлы арыз көп.

Ал Сенатқа «Судьялардың мәртебесі» туралы жаңа заңды таныстырған Жоғарғы сот төрағасының бұған жауабы дайын болып шықты. Жақып Асанов істің мән-жайына терең үңіле алмайтын судьялардың барын мойындап отыр. Оның айтуынша, былтыр 28 мыңнан астам үкім шығарылса, соның тек 8 пайызы ғана айыпталған азаматтардың пайдасына шешілген. Асанов мұның себебін де түсіндірді. Билер  ең алдымен прокурордың материалымен танысатындықтан, бірден айыпталушы туралы теріс пікір қалыптасады дейді ол. Соның кесірінен адамдар жазықсыз сотталуы да  мүмкін.

Жақып Асанов, Жоғарғы сот төрағасы:

Қылмыстық іс судьяның қолына түскен кезде-ақ біржақты пікір қалыптасатыны рас. Сөйтіп, сот осы ойдан шыға алмай, үкім шығара салады. Сондықтан мәселені шешу үшін, судьяға қылмыстық істі бірден ұстата салмай, алдымен айыптау актісін беруді жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, екі тарапты тек процесс барысында тыңдап, іске нүкте қойса дұрыс болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде