{metadescription}
Астанада фермерлер одағының төрағасы сот санкциясымен қамауға алынды
Астанада фермерлер одағының төрағасы сот санкциясымен қамауға алынды

Астанада фермерлер одағының төрағасы сот санкциясымен қамауға алынды

Астанада фермерлер одағының төрағасы ұсталды. 67 жастағы Әуесxан Дарынов «адам зорлады» деген күдікпен тергеліп жатыр. Ішкі Істер министрлігі Қазақстан фермелер одағы төрағасының сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлімдеді. 

Қазақстан фермерлер одағының төрағасы бүгін Астанада өткен құрылтайға қатысуы керек болатын. Алайда  әріптестерінің айтуынша ол адам зорлады деген күдікпен  тергеу изоляторынан бір шыққан.

-Дарыновты арнайы жасақ дәл осы жерде тұтқындаған. Қазір бұл кеңсе жабық тұр. Әріптестерінің айтуынша, фермерлер одағының төрағасы қарамағындағыларды жинап, бүгін өткен съезге дайындық  үстінде отырған. Кабинетке күтпеген жерден бетперде киген бір топ адам басып кіріп, Әуесxан Қамешұлының қолына кісен салған. Және жұмыс үстелі мен  компьютерлерін тінтіпті.

Әріптестерінің айтуынша, Дарынов ойын ашық айтатын тік мінезді адам. Сол бір беткейлігі өзіне таяқ болып тиді ме деп топшылайды.

Руслан Ибатов, шаруа қожалығының директоры:

- Бұл қастандық деп ойлаймыз. Бұлай болуы мүмкін емес. Ол кісіні бірнеше жылдан білеміз. Отбасы  бала-шағасы, немере жиендері бар адам.  Біреуге ұнамай қалуы да мүмкін....

Шаруалар Дарыновтың отбасымен де хабарласыпты.  Әйелі, екі ұлы мен  екі қызы  да  есеңгіреп отырғанын айтады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған  фермерлер басшыларына  қолдау көрсетуге дайынбыз дейді.

Қанат Сүлейменов, Қазақстан фермерлер одағы Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы:

- Съезде шешім қабылдап жатырмыз. Қандай жағдай болсын, адвокатқа ма, қаражат керек болса, бәрін жасаймыз.

Қазақстан фермерлер одағының қазір 40 мыңнан астам мүшесі бар. Әуесхан Дарынов он жылдан бері осы одақты басқарып келеді. Үнемі егіс науқаны кезінде қымбаттайтын жанармай бағасын, шаруалардың өзге де мәселесін көтеріп, шенеуніктерді ашық  сынап жүретін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде